"Таныс болайық!"
Балаларға арналған кітап топтамасы
Жас оқырмандар үшін "Таныс болайық!" топтамасы Қазақстанның көрнекті қайраткерлерімен алғашқы кездесуі болмақ. Бұл қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қосқан жандар туралы шағын хикаялар. Олардың шабыттандыратын тәжірибесі арқылы біз өткенімізді біршама жақсырақ түсіне аламыз, демек бүгінгі күнді де жақсы ұғына аламыз. Кейіпкерлеріміздің өмір жолы мысалында балалар мен олардың ата-аналары адалдық, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенімділік, туған жеріне, оның халқына деген сүйіспеншілік сияқты жеке қасиеттердің құндылығын қарастырады.

Біз балаларға қиын нәрселер туралы айтудан қорықпаймыз, өйткені ол да — өмірдің бір бөлігі. Отандастарымыздың өміріне негізделген қиындықтар мен оларды еңсеру туралы хикаялар бәрі де мүмкін екенін көрсетеді. Басқа болу да, өмірдің траекториясын өзгерту де — қалыпты жағдай, ал қателесу — қорқынышты емес. Әртүрлі жағдаяттарды талқылау балалардың еркін, тәуелсіз, өзіне деген сенімділікпен және өз болмысын сезіне отырып өсуіне көмектеседі.

Кітаптар топтамасында ең бірінші сөз етпекші болған қайраткер еңбекқорлықтың, қызығушылық пен өз ісіне деген адалдықтың үлгісі ретінде Батырхан Шөкенов болды. Батырдың үлгісінде адамның өзіне деген сенімі, және әр адамның өз жолын таңдап, тағдырын іздеуі туралы айтқымыз келеді.

“Таныс болайық!” кітаптар топтамасы Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Батырхан Шөкенов атындағы Қормен әзірленді.

"Таныс болайық!" кітаптар топтамасы
Ересектерге арналған нұсқаулықты осы жерден жүктеп алуға болады.
Кітапты сатып алу
"Таныс болайық! Батыр" кітабын келесі дүкендерде сатып алуға болады:
Кітапты шығаруға қатысты
Малика Колесова
Орыс тіліндегі кітаптың шығарушы редакторы және әдеби редакторы, балалар мен жасөспірімдер әдебиетінің Tentek Publishing House баспасының негізін қалаушы
Гаухар Кожашева
Жобаның менеджері
Сима Омаркулова
Автор
Айгерим Аманчиева
Иллюстратор
Дамели Тастан
Редактордың көмекшісі
Мария Яковлева
Орыс тіліндегі кітаптың түзетушісі
Friedrich Shegirtke
Қазақ тіліне аудармашы
Назгүл Қожабек
Қазақ тіліндегі кітаптың әдеби редакторы
Қуаныш Жұбандықов
Қазақ тіліндегі кітаптың түзетушісі
Афра Келебек
Дизайнер-беттеуші
Алина Сатырева
Психолог, "Монтессори-класс" балалар орталығының басқарушысы
Сабина Амангельдина
Фотограф