"Таныс болайық! Батыр" кітабі

Жас оқырмандар үшін "Таныс болайық!" топтамасы Қазақстанның көрнекті қайраткерлерімен алғашқы кездесуі болмақ. Бұл қоғамымыздың дамуына елеулі үлес қосқан жандар туралы шағын хикаялар. Олардың шабыттандыратын тәжірибесі арқылы біз өткенімізді біршама жақсырақ түсіне аламыз, демек бүгінгі күнді де жақсы ұғына аламыз. Кейіпкерлеріміздің өмір жолы мысалында балалар мен олардың ата-аналары адалдық, еңбексүйгіштік, өз күшіне сенімділік, туған жеріне, оның халқына деген сүйіспеншілік сияқты жеке қасиеттердің құндылығын қарастырады.

Кітаптар топтамасында ең бірінші сөз етпекші болған қайраткер еңбекқорлықтың, қызығушылық пен өз ісіне деген адалдықтың үлгісі ретінде Батырхан Шөкенов болды. Батырдың үлгісінде адамның өзіне деген сенімі, және әр адамның өз жолын таңдап, тағдырын іздеуі туралы айтқымыз келеді.

More products