2019 жылы қорымыз Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Батырдың тоғыз музыкалық дискі мен екі концерттік жазбадан тұратын альбомдар жинағын шығарды. Осы басылымның арқасында сүйікті әртістің 15 жылдық жеке жолын: оның мінезін, туған жерінде және одан тыс жерлерде дауыс ізденісін, эксперименттер әрекеттері және кемелдену нүктесіне жетуін бақылап, көре аласыз.
«Отан Ана», «Аманат», «Твои шаги», «Осторожно, милая девушка!», «Все пройдет», «Душа» – жинаққа енген сүйікті шығармаларын қамтитын альбомдардың толық емес тізімі. Жинақта музыкалық дискілерден басқа, Батырдың 2006 және 2013 жылдардағы Алматыдағы концерттері жазылған екі DVD бар. Соңғысы әртістің Нью-Йорк, Лондон, Рига және Мәскеудегі әріптестері мен достарының қатысуымен жасалды.