2020 жылдың желтоқсан айында біз «Батыр Live. Жастарға үндеу» кітабын шығардық, онда Батырдың өмірінің әр кезеңдерінде айтқан ой-толғамдары мен ой-пікірлері жинақталып, шығармашылық, музыка және өзіне деген сенімділік туралы біртұтас монологқа тізілген.
Кітап қазақ және орыс тілдерінде 500 дана шектеулі таралыммен жарық көрді. Басылымның ерекшелігі - соқырлар және нашар көретін адамдарға оқуға арналған бедер қаріппен Брайль шрифтімен басылған кітап бөлімдері.
«Біз Батырды біздің, туысқандарының есінде қалғандай, оның тірі, қамқор, заманауи және сезімтал портретін қайта еске түсіргіміз келді. Біз бұған материалды іріктеп ұсыну арқылы қол жеткіздік – кітапта Батырдың тікелей сөзі ғана қолданылды – бұл үшін біздің ұжым қазақ және орыс тілдеріндегі көптеген жазбаларды, сұхбаттарды өңдеп, мұрағаттарға үңіліп, бүкіл еліміз бойынша материалдарды жинады»