Халықаралық флейта академиясы
ЖОБА ТУРАЛЫ

Халықаралық флейта академиясы – Германия, Қазақстан және Ресейдің жетекші оқытушылары Эдуардо Бельмар, Ержан Кушанов және Ирина Стачинскаяның төрт күндік практикалық шеберлік сабақтары. Академия флейтада ойнауға және әртістерді халықаралық сахнаға шығаруға арналды. Сонымен қатар, академия күндерінде Мәскеу флейта орталығының көрмесі өтіп, аспапты күту және жеңіл жөндеу бойынша практикалық шеберлік сабақтары өткізілді.

Халықаралық флейта академиясы Батырхан Шүкенов атындағы Қоғамдық қордың және Болат Өтемұратов Қорының қолдауымен Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының негізінде өтті.
ҚАЛАЙ ӨТТІ

5 күн ішінде Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының негізінде Эдуардо Бельмар, Ержан Кушанов және Ирина Стачинская тәжірибелік шеберлік сабақтарын өткізді.

Академияның 12 қатысушысы төрт адамнан тұратын үш топқа бөлінді, осылайша жобаға қатысушылардың әрқайсысы академия оқытушыларының әрқайсысымен жеке сабақ өткізу мүмкіндігіне ие болды - 40 минуттық 4 сабақ.

Академияға қатысудың екі форматы ұсынылды:
  • белсенді қатысушы – оқытушылармен күнделікті жеке сабақтардың, лекциялардың 40 минуты;
  • еркін тыңдаушы – сабаққа еркін қатысу, тыңдаушы.
АКАДЕМИЯНЫҢ БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ:

Халықаралық Флейта Академиясының белсенді қатысушылары:
  1. Мерей Бердибекова (Астана)
  2. Ақтоты Ахмедьярова (Алматы)
  3. Дарья Остроушко (Алматы)
  4. Елизавета Карандашова (Павлодар)
  5. Гуляф Лебедева (Астана)
  6. Ажар Жорабеккызы (Алматы)
  7. Олжас Сатбаев (Алматы)
  8. Садуллаев Жавохир Шерзод Угли (Алматы)
  9. Нина Порошина (Астана)
  10. Айжан Бектұрғанқызы (Алматы)
  11. ХадишаЕлибаева (Астана)
  12. Сабинна Кенес (Астана)
АКАДЕМИЯНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ
Эдуардо Бельмар
(флейта, Германия)
Франкфурт қ. (Германия) Опера оркестрінің жетекші флейташысы, Франкфурт-на-Майне қ. Жоғары музыка мектебінің флейта оқытушысы, Мюнхендегі беделді ARD халықаралық байқауының, Gazzelloni халықаралық флейташылар байқауының, Andalucía халықаралық флейташылар байқауының лауреаты, Badische Staatskapelle Karlsruhe бұрынғы жетекші флейташы.
Ержан Кушанов
(флейта, Қазақстан)
Париж Жоғары Ұлттық Музыка және би консерваториясының түлегі, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті, Мемлекеттік Академиялық Симфониялық оркестрінің флейта тобының концертмейстері, Banque Populaire қорының лауреаты, Париждегі халықаралық флейташылар байқауының 1-ші сыйлығының лауреаты.

Ирина Стачинская
(флейта, Ресей)
Ирина Стачинская – халықаралық байқаулардың лауреаты, Мәскеу филармониясының солисті, Powell фирмасының әртісі, А.Г.Шнитке атындағы Мәскеу Мемлекеттік Музыка Институтының және Мәскеу Мемлекеттік Мәдениет Институтының оқытушысы. 
ГАЛА-КОНЦЕРТ

Жобаның финалы 6 сәуірде Академия солистерінің, оқытушыларының қатысуымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өткен Гала-концерт болды.
Концерт басталмас бұрын академияның оқытушылары мен ұйымдастырушылары көрермендерге арнап алғы сөз сөйледі, ол Мәдениет және спорт министрінің алғыс хаттарын ұсынумен аяқталды.

Концертте академия оқытушылары Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрмен бірге К.Ф.Э. Бахтың, А.Вивальди және К.Рейнеке, сондай-ақ П.Сарасатенің «Сыған әуендері» флейта концерттерін орындады.

Академияның бірлескен ұйымдастырушысы
Мәскеу флейта орталығы (Ресей)

Мәскеу Флейта орталығы – ТМД аумағындағы ең ірі орталықтардың бірі. Орталық көптеген жетекші әлемдік флейта брендтерінің ресми дилері болып табылады, аспаптарды, флейта мен флейташыларға арналған түрлі керек-жарақтарды сатумен қатар, орталық аспаптарға кепілдік жөндеу жұмыстарын ұсынады. 
Зейнгалиева Зухра Шавкатовна (Қазақстан)

А.Беляков жетекшілік ететін Алматы қ. әкімінің Муниципалдық Эстрадалық-симфониялық оркестрінің алғашқы флейтасы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының оқытушысы, өнертану ғылымының магистрі.

Kushanov Music Group

Халықаралық академияларды, фестивальдарды, шеберлік сабақтарды, конференциялар мен көрмелерді ұйымдастыру арқылы Қазақстанда классикалық музыканы насихаттау мақсатында Ержан Кушанов құрған қоғамдастық. Қоғамдастықтың алғашқы ауқымды жобасы Халықаралық флейта академиясын ұйымдастыру болып табылады.
Байланыс деректер
2022-жылғы флейта академиясына қатысты барлық сұрақтар бойынша Қор өкілдеріне academy@batyr.foundation электрондық поштасы.
Немесе +7(747)248-30-20 (Whatsapp) арқылы хабарласыңыз.